Работа в Казахстане

Тегін беру, қайырымдылық жасау, қайырымдылық қоры, қайырымдылық туралы

Сіз осы жерге тегін тауарларды орналастыра аласыз. Яғни қайырымдылық жасау керек болса бұл жерге жазыныз. Бұл ізгі іс, керекті әрекет. Себебі елге, кедей халыққа көмектесу бұл ізгі ниеттің белгісі, бұл ар мен намыстың тазалығының белгісі. Тегін беру айдарына жаңа не сізге керек емес заттарды қоса аласыз, бұлар сізге қажетсіз, бірақ өзгелерге ауадай қажетті шығар. Соңдықтан бұларды осы жерге қосыныз.

Қайырымдылық жасау

Бұл хабарландыру тақтасы арқылы мұқтаж адамдарға көмектесіңіз.

Қайырымдылық жасау

Қайырымдылық бұл ізгі ниеті бар, жүрегі таза адамдар айналасатын іс, шара. Мұқтаж адамдарға көмектесу бұл ізгі іс, барлық діндерде қолдау тапқан шара. Адам өзгеге көмектессе оның жүрегі жұмсарады, адамның адами қасиеттері кеңейеді.

Мысалы әлемге танымал голливуд актрисасы Анджелина Джоли миллиондаған доллар ақшаны қайырымдылыққа жұмсайды:

Анжелина Джоли

Қайырымдылық қоры

Қайырымдылық қоры бұл мұқтаж адамдарға көмек беретін мекеме. Бұл елден және бай компаниялардан қаржы жинап бұны кедейлер мен мұқтаж адамдарға үлестіреді. Қайырымдылық қорлардың көп түрлері бар - науқас адамдарға көмектесетіндері, кедейлерге көмектесетіндері, ардагерлерге көмектесетіндері, жоғалып жатқан жануарларды сақтауға бағытталғандары және басқалары. Мысалы ауған соғысының ардагерлеріне көмектесетін қор бар.

Қайырымдылық қорлар қаржыны сан түрлі жолмен жинайды - бай ауқатты адамдар мен компаниялардың көмегі, тауар сату не қызмет көрсету, өзге қорлардан грант алу. Мысалы қайырымдылық қор эстрада жұлдыздарын жинап концерт жасай алады. Билеттерді сатып пайда табады. Бұны қайырымдылыққа жұмсай алады.

Қайырымдылық туралы

Қайырымдылық бұл сонау көне заманда пайда болған. Бұған дәлел көне заманның жазбалары және діндердің қасиетті жазбалары. Мысалы мұсылман дінінде қайырымдылық жасау бұл бір негізгі талап, борыш. Мысалы айт күндері кедейлерге тамақ үлестіріледі, сойған мал мұқтаж адамдарға үлестіріледі. Әрбір мешітте ақша салатын жәшіктер болады, бұған ел ақша салады да мешіттің қызметкерлері бұл қаржыны мешіттің қажеттіліктеріне және мұқтаж адамдарға көмектесуге жұмсайды.

Қайырымдылық туралы мағлұмат осындай. Өзгеге көмектесу, ізгі істерді жасау адамды адам етеді.