Работа в Казахстане

Тұрмыстық техника - тоңазытқыш, кір жуғыш машина, шаңсорғыш, үтік

Кепілдікпен несие ұсынысы

Кепілдікпен несие ұсынысы

40000 тг

Тұрмыстық техника дегеніміз бұл күнделікті өмірде, үйде пайдалынатың техникалық құрылғылар. Бұған - тоңазытқыш, кір жуғыш машина, шаңсорғыш, үтік, теледидар, электр пеші, қысқа толқынды пеш, кондиционерлер және басқалары жатады. Осыларды жеке дара сипаттап берейік.

Тұрмыстық техника

Тоңазытқыш

Тоңазытқыш бұл салқындату камералары бар, азық-түлікті сақтауға арналған құрылғы:

Тоңазытқыш

Бұнда әдетте екі камера бар болады. Бірі аздап салқындатады ал екіншісі мұздатып салқындатады. Екіншісінің аты мұздатқыш, бұнда мұздатпай сақтала алмайтын заттар сақталады, мысалы ет пен балық немесе балмұздақ.

Кір жуғыш машина

Кір жуғыш машина бұл кірді сумен жібітіп, одан кейін бұған кір жуғыш үнтақты қосып қатты жылдамдықпен айналдыратың барабаны бар құрылғы:

Кір жуғыш машина

Кір жуғыш машинеде жуылған кір қолмен жуғаннан артық болады. Себебі қолмен соншама қатты жылдамдыққа жете алмайсыз. Және жуылған кір мол сумен шәйіладі. Осының арқасында киімде ұнтақтың қалдықтары қалмайды, киім таза әрі хош иісті болады.

Бұндай машинелер ата-анамыздың еңбегін жеңілдетті, баяғы заманда аналарымыз түнге шейін кірді жуып отырған. Ал қазір машинеге салып пернені бассаңыз болғаны! Кірді өзі жуып береді. Кейбірі кірді кептіреді, ал басқалары тіпті үтіктей де алады!

Шаңсорғыш

Шаңсорғыш дегеніміз бұл үйдегі не ғимараттардағы бөлмелерді шаң мен кірден тазалайтын құрылғы. Бұны атынан ақ білуге болады:

Шаңсорғыш

Шаңсорғыштың жұмыс істеу принципі қарапайым, бұның ішінде тоқпен жұмыс істейтің қозғалтқыш болады, осы қозғалтқыш винттердің көмегімен ауа ағының туғызады да ауа бір жерден кіріп басқа жерден шығады. Жол бойында шүберектен не басқа заттан жасалған фильтр болады, осы фильтр бар шаң-тозанды сіңіріп жұтады:

Шаңсорғыштың жұмысы

Суретте лас, шаң-тозанға толы ауа сол жақтан кіріп 1 цифрмен белгіленген сумен араласады да батпағын суға сіңіріп жоғары көтеріледі, 2 санмен белгіленген фильтр ауаны екінші рет тазалайды, ал суреттің оң жағындағы насос желді ішке тартқызады осының арқасында ауа ішке шаңмен бірге сорылады. Ал суреттегі 3 санымен белгіленген жерден таза ауа шығады.

Алдар көсенің жыртық шапаны сияқты - мына жерден суық кіреді ал мына жерден шығады, сондықтан мен тоңбаймын!

Үтік

Үтік бұл металдан жасалған тоққа қосқанда қызатын заты бар құрылғы:

Үтік

Осынының арқасында киімдерді үтіктегенде киімдер тегістеледі. Киім қатты қызған, тегіс метал бетімен жанасқанда тегістеледі. Үтіктің ішінде қыздырушы зат бар, бұл электр кедергісінің арқасында қызады. Үйдегі шам сияқты, шамды тоққа қосқанда шам қызып жарық шашады. Жылу бөледі.

Бұл да тұрмыстық техниканың бір түрі және адамға аса қажеттісі. Себебі көйлек пен шалбарды үтіктемей жүру ұят.

Теледидар

Теледидар бұл бізге спутник немесе антенаның көмегімен фильмдерді, сериалдарды, жаңалықтарды және басқаларын көруге мүмкіндік береді:

Теледидар

Бұның жұмыс істеу принципі күрделі, бірақ екі ауыз сөзбен айтсақ - видео арнайы құрылғылармен электр сигналға айналады, бұны кейін телевизия мұнаралары жан-жаққа таратады, мысалы Алматының Көк-төбе мұнарасы сияқты:

Көк төбе

Ал теледидар бұл сигналдарды антенаның көмегімен ұстап, сигналды қайтадан видеоға айналдырады да экранда көрсетеді. Сөйтіп үйде түрлі бағдарламаларды көре аламыз.

Жалпы бұнымен тұрмыстық техника атауы шектелмейді. Бұл тізімді шексіз ұзартуға болады, бірақ негізгілері осы.