Работа в Казахстане

Тұрмыстық химия - сабын, кір жуу ұнтағы, сусабын, дезинфекциялау заттары

Тұрмыстық химия - сабын, кір жуу ұнтағы, сусабын, дезинфекциялау заттары (микробтарды өлтіретін заттар), ыдыс жуғыш заттар дегендері жатады. Бұлар үйді не басқа ғимараттарды жуу, тазалау үшін қолданылады:

Тұрмыстық химия

Сабын

Сабын бұл майдан жасалатын және қол, бет, денені жууға арналған зат боп табылады:

Сабын

Адам даладан үйге кіргенде қолын сабынмен жуу керек, себебі осы заттын көмегімен қолдағы зиянды бактериялар жойылады. Әйтпесе қолда жиналған бактериялар ағзаға еңіп ауру туғызады. Мысалы грипп, аллергия, диарея және басқаларын. Бұдан да қауіптілері де бар!

Кір сабын

Кір сабын бұл құрамында май қышқылдарының үлесі 72 пайыздан аспайтын сабынның бір түрі:

Кір сабын

Бұны әдетте қол мен денені жуу үшін емес, киім жуу үшін, үйді жинау үшін қолданылады. Сабын туралы жазбалар сонау көне Мессопатамия, Вавилоннан, Мысырдан белгілі. Олар жануарлардын майын натрий карбонатымен араластырып сабынды өндірген.

Сұйық сабын

Сұйық сабын бұл да қатты сабын сияқты дезинфекциялайтын зат. Бұның бар айырмашылығы бұл сұйық болуы. Бұл адам көп жерде пайдалынады. Себебі пайдалану ыңғайлы боп келеді, тұтқаға бассаңыз ағылып шығады.

Кір жуу ұнтағы

Кір жуу ұнтағы бұл киімді жуу үшін жасалған зат. Бұны кір жуғыш машина салып кірді бір сәтте жууға болады. Кір жуу ұнтақтары өте көп, мысалы Procter and Gambl-дің "Tide" пен "Ariel" немесе ресейлік "Миф". Бұлардың жеке дара түрлері де бар, мысалы балалар киімін жууға арналған ұнтақтар, жібектен жасалған киімдерді жууға арналғандары және басқалары.

Сусабын

Сусабын шашты жууға арналған зат. Бұнымен шашты жусаныз шашыныз құлпырып кетеді. Себебі бұның құрамында шашқа пайдалы заттар бар. Қазір сусабындар өте көп, дүкенге барсаныз ондаған түрін көре аласыз.