Работа в Казахстане

Сүт өнімдері - айран, қатық, кілегей, май, ірімшік, сүзбе, құрт, қымыз, шұбат

Сүт өнімдері дегеніміз бұл сүттен жасалатын азық. Бұған - айран, қатық, кілегей, май, ірімшік, сүзбе, құрт, қымыз, шұбат сияқтылары жатады:

Сүт өнімдері

Бұны атам қазақ сонау көне замандардан көп мөлшерде тұтынған. Соңдықтан көне қазақтардың шаштары қалын әрі бұйра, тістері ақ, сүйектері қатты болған. Бұны қазақ еліне келген саяхатшылардың барлығы жазып кеткен. Бұлар жайында баяндайық.

Айран

Айран бұл сүтке ашытқы салғаннан кейін пайда болады. Айран барлық сүт өнімдері сияқты кальцийге өте бай тағам. Бұны балалар мен жасөспірімдерге пайдалану керек, себебі жас, жаңа қалыптаса бастаған ағзаның сүйектері тез әрі сау өсуі үшін көп мөлшерде кальций керек.

Қымыз

Қымызды білмеген қазақ, қазақ емес! Бұл сусын елімізде сонау көне заманнан пайдалынған. Бұны көне көшпенділер көп мөлшерде тұтынған. Бұл өте пайдалы зат. Мысалы адам туберкулезге шалдықса, бұны көп мөлшерде ішіп емделіп кетуі мүмкін. Дәрігерге қаралу да керек. Қымыз адамның ағзасының иммунитетің нығайтады.