ЖШС туралы мәлімет осы жерде бар. ЖШС бұл Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік деген мағына береді. Бұл қысқарту Қазақстан мен өзге елдерде қолданылады. ЖШС бұл компания, бір немесе бірнеше серіктес адамнан не заңды тұлғалардың көмегімен құрылған. Серіктестік дегені осыны білдіреді. Бұл заң жүзінде рәсімделген серіктестік десек те болады. Компанияның жарғысы болады, бұнда компанияның мақсаты, жұмысы сипатталады. Оған қоса бұндай компаниялар тіркелгенде өздерінің қызмет атқаратың саласын белгілеуі керек, бұл заң жүзінде рәсімделеді.
Бұған қоса атауында жауапкершілігі шектеулі дегені бар. Бұның мағынасы компанияның жауапкершілігі өзге тұлғалардың және заң алдындағы міндеттемелері шектеулі, компанияның активтерімен ғана кепілдендірілген дегенді білдіреді. Серіктестердің жауапкершілігі компаниядағы үлестерінен артпайды дегенді білдіреді.
ЖШС заңды тұлға.
ЖШС мен ЖК айырмашылығы
ЖК бұл шағын бизнесті ашқысы келетін адамдар үшін қолайлы, мысалы дүкен ашып оған екі-үш сатушыны жұмысқа алсаңыз ЖК ең қолайлысы. Ал ЖШС бұл көп адам жұмыстейтін мекемелер үшін керек. ЖК өз пайдасын, шығының, салығын өзі есептей алады. Ал ЖШС бұл үшін арнайы есепші (бухгалтер) керек болады.
Өз бетімен бизнесті ашқыныз келсе ЖК таңдаңыз, себебі бұны ашу жеңіл. ЖШС ашу үшін салық комитетіне барып арыз жазасыз. Бұнда компанияның атын, немен айналысатының, қай жерде орналасқаның жазасыз. Сізден өзге адамдар бұл компанияның үлескерлері, сіздің серіктестері болса соларды да қосасыз.