Хабарлама әдетте бір мекемеден өзге мекемеге не жеке тұлғаға жібереді. Міне хабарлама үлгісі қазақша қараныз:
Осы хабарлама хатты талдайық!
Бұнда хабарламаны шығарған мекеменің, маманың аты жазылған және қолы қойылған, мөрі басылған, оған қоса жазылған күні бар. Бұл ресми іс қағаз боп саналады. Бұндай хабарламаларды онлайн не қағаз бетіне түсіріп компанияларға жібереді.
Немесе компаниялардан жеке тұлғаларға жібереді, мысалы электр тоғын жеткізуші компания тарифтердің жоғарлағаны не төмендегені жайында хабарлама жібере алады, немесе кім тоқ үшін төлемесе, соған арнайы тоқтын ақысын төлеу керек деген хабарлама жібере алады.
Электронды хабарлама
Электронды хабарлама бұл кәдімгі хаттай жазылады, тек қағазға түсірмей электронды пошта арқылы жіберіледі. Мысалы сендер электронды поштанызда талай рет жеңілдіктер, акциялар жайында хабарламалар көрген шығарсындар.
Хабарлама жазу үлгісі
Хабарлама жазу үлгісі жоғарыда келтірілген, дәлірек айтсақ бірнешеуі бар. Соларға қарап өзініз хабарлама жазып көрініз. Хабарлама жазу қиын емес! Бұл математика не физикадан есеп шығару емес қой.