Работа в Казахстане

Хабарландыру жазу, хабарландыру үлгісі, хабарландыру туралы сайт

Хабарландыру бұл елге хабар беру үшін жасалатын дүние, мысалы тауарды сату үшін осы сайтты пайдалына аласыз. Хабарландыру үлгісі міне:

Хабарландыру үлгісі

Хабарландыру жазу

Хабарландыру жазу үшін бір парақ бетке хабарландыру туралы текст жазасыз, мысалы осылай:

Хабарландыру жазу

Бұнда тақырып "Үй сатылады!" делінген, бұған адамдар қарап хабарландыру мағынасын тез ұға алады себебі үлкен тақырып көзге көрініп тұр, ал хабарландыру мәтіні үй жайлы мәлімет береді, оған қоса контактілер көрсетілген, адам қызықса телефон шала алады. Хабарландыруда сурет те бар.

Хабарландыру тақырыбы

Хабарландыру не жайлы? Қандай оқиғаны? Қандай тауарды сатасыз? Қандай тауарды жарнамалайсыз? Бұны үлкен шрифтпен жазасыз. Хабарландыру не жайлы, сол хабарландыру тақырыбы болады. Мысалы жоғарыда Үй сатылады деген хабарландыруымыз бар. Бұндағы хабарландыру тақырыбымыз Үй сатылады.

Бұл үшін ірі шрифтерді пайдалану керек. Алыстан көрінетіндей.

Хабарландыру мәтіні

Хабарландыру мәтіні бұл айтатын сөзініз. Мысалы жоғарыдағы суретте үйді сипаттайтын текст хабарландырудың мәтіні боп табылады. Қандай үй? Үйде не бар? деген сияқты сұрақтарға жауап беріп тұр бұл текст. Сіз хабарландыру қосқанынызда хабарланып жатқан тауар, оқиға жайлы толық мәліметті қосыныз. Бұл адамдарға керек болады.

Сонымен хабарландыру мәтіні бұл оны сипаттайтын текст. Бұны кішкентай шрифтпен жазамыз. Жоғарыдағы хабарландыру мысал бола алады.

Хабарландыру түрлері

Хабарландыру түрлері сан алуан бола алады. Негізінен бұларды пайдалану бағытына орай жарнамалық және ақпараттық деп екіге бөледі.

Жарнамалық хабарландыру

Жарнамалық хабарландыру бұл ақы, пайда табу үшін жазылғандары. Мысалы біреу көлік сатамын деп жазса, бұл жарнамалық болады. Себебі адам көлігін сатып пайда табады. Немесе біреу үй сатамын, жер сатамын, сүт сатамын деп жазса да бұл жарнамалық болады. Себебі бұнда пайда табу көзделген.

Жарнама хабарландыру осы жерде қосыла алады. Сіз керек тауарларынызды бұл сайтқа қосып интернетте сата аласыз.

Ақпараттық хабарландыру

Ақпараттық хабарландыру бұл ақы табу көзделмеген хабарландырулар. Мысалы мектепте балалар ата-аналарға концерт ұйымдастырса, және бұл жайында хабарландыруды мектепте ілсе, бұндай хабарландыру ақпараттық болады. Себебі концерт тегін, ақысыз өтеді.