Работа в Казахстане

Көлік туралы, көлік түрлері, қоғамдық көлік, жеңіл көлік

Easy Business Loan +918929509036

Easy Business Loan +918929509036

200000 тг

Бұл жерде көлік туралы, көлік түрлері, қоғамдық көлік, жеңіл көлік жайлы баяндаймыз. Көлік сатсаныз осы хабарландыру тақтасына қоса аласыз. Көлік бұл адамдарды не тауарларды тасымалдайды. Бұның көмегімен адам бір жерден өзге жерге жете алады, мысалы автобустың көмегімен, бұл көлікке жатады. Автомобильдер, автобустар, тік ұшақтар, вертолеттер және тағы басқалары осыған жатады.

Көлік түрлері

Көлік түрлері мына суретте келтірілген:

Көлік түрлері 5 сынып

Көлік түрлері 5 сынып бағдарламасына еңгізілген. Бұлардың жалпы саны өте көп. Негізінен көлік үш топқа бөлінеді - әуе көлігі, жер көлігі және су көлігі.

Жер көлігі

Жер көлігі бұл жер бетімен жүретіндері. Мысалы автомобиль, велосипед, самокат, мотоцикл, автобус, поезд және басқалары. Жер көлігі жолдарды не рельстерді қажет етеді.

Әуе көлігі түрлері

Әуе көлігі түрлері де өте көп, бұған әуеде жүретіндерін жатқызады. Мысалы тік ұшақ, самолет, планер. Ғарышта жүретіндері ракеталар. Бұлардың барлығы әуе көлігі деп аталады. Бұндай көлік негізінен дамыған елдерде көп қолданыста, себебі әуеге ұшу үшін көп жанармай қажет, ал бұл қымбат. Бірақ елде жалақы мөлшері жоғары болса, көп адам бұны таңдайды.

Әуе көлігі жерден ұшатын және жерге қонатын мекемелерді - аэропорттарды қажет етеді:

Аэропорт

Су көлігі

Су көлігі бұл су бетімен қалқып жүретіндері. Мысалы кемелер, катерлер, қайықтар. Оған қоса су бетінен төмен де жүретін көлік те бар, бұл сүңгуір кемелер.

Су көлігі Қазақстанда көп дамымаған. Себебі біздің еліміз мұхиттардан алшақ орналасқан. Ақтау, Атырау сияқты Каспий теңізінің жағасында орналасқан қалаларды және өзен мен көл бетімен жүретін кемелерді санамағанда.

Ал өзге елдер осы су көлігінің көмегімен тауарлар мен шикізатты көп мөлшерде тасымалдайды. Үлкен, алып кемелер - танкерлердің көмегімен көп тауарлар тасымалданады, дүниежүзілік саудада осылардың орны басым:

Танкер

Бұл бүткіл әлемге әйгілі "Maersk Line" танкеры. Суреттен көріп тұрғандай бұның сыйымдылығы зор! Бұл танкер өте көп мөлшерде тауарларды тасымалдайды, мысалы Еуропадан Америкаға, одан кейін Қытайға.

Жеңіл көлік

Жеңіл көлік бұл екі, төрт, бес адамды тасымалдайтын авто:

Жеңіл көлік

Бұл жеңіл көлік деп аталады. Жеңіл көлікті негізінен жеке басын не отбасын тасымалдау мақсатымен кәмелетке толған адамдар сатып алады.

Қоғамдық көлік

Қоғамдық көлік бұл қала ішінде немесе елді мекендер арасында қатынайтын көлік. Бұның мақсаты көп адамды тасымалдау. Бағасы көлжетімді болуы шарт. Бұларға автобустар, поездар, тролейбустар, тік ұшақтар, таксилер жатады.