Работа в Казахстане

Электр шамы, жарық диодты шам, электр сымдар мен кабельдер

Электр шамы, жарық диодты шам, электр сымдары мен кабельдер туралы осы жерде мәлімет таба аласыз. Рет-ретімен бұлар жайында айтайық.

Электр шамы

Электр шамдар бұл адам бар жердің барлығында дерлік орнатылған. Үйде де, далада да, қорада да, гаражда да, көшеде де және тағы сол сияқты жерлерде. Электр шамы бұл тоқтын әсерінен жарық шығаратын құрал:

Электр шамы

Бұндай шыныдан жасалған қаптын ішінде металдан жасалған жұқа қыл сымы бар. Осы қыл электр тоғының әсерінен қатты қызады да жарық шығарады. Көбінесе вольфрам металынан шам қылын жасайды. Қыл жанып кетпес үшін шамның ішін бейтарап, металмен химиялық реакцияға түспейтін инертті газбен толтырады.

Жарық диодты шам

Жарық диодты шам да электр тоғымен қуаттанып жан-жаққа нұр сәулесін шашады. Бұның электр шамнан басты айырмашылығы бұнда металдан жасалған қыздырғыш зат жоқ. Оның орнына жартылай өткізгіш, кристал, тас десек те болады, зат бар, осы зат тоқтын әсерінен қызып жарықты шашады:

Жарық диодты шам

Электр шамынан гөрі бұл тоқты көбірек үнемдейді. Себебі бұнда қызатын зат жоқ, осының арқасында көп электр энергия жылуды тудыруға кетпейді. Аздап қана қызады.

Жарық диодтарда пайдалынатын кристалға байланысты жарықтың түсі әртүрлі болады:

Түсті жарық диодты шамдар

Жарық диодты шамдар тұрмыстық техникада көп қолданылады.

Электр сымдары

Электр сымдары тоқты жеткізу үшін қолданылады:

Электр сымы

Бұл сырты жоқ мыстан жасалған электр сым. Сым бұл бір ғана металл шыбықтан жасалады. Суретте төрт болек мыс сымдары көрсетілген.

Электр кабельдер

Электр кабельдер де тоқты жеткізу үшін керек зат. Бірақ бұның сымнан айырмашылығы бар:

Кабельдер

Суреттен көрініп тұрғандай бұның ішінде тоқты өткізетін металдан жасалған көп жінішке сымдар бар. Және бұл жерде де кабельдің сырты тоқты өткізбейтін резенкемен қапталған. Осының арқасында қабы жоқ электр сымдарды қолымен алу қауіпті, себебі тоқ ұрады, ал кабельдерді қауыптенбей-ақ қолға аламыз.