Киім бұл адам баласын хаяуаннан ажырататын басты айырмашылық. Киім қолайсыз ауа-райынан сақтану үшін пайда болды. Бұл сонау алғашқы адамдар заманында бұдан жүз мын жыл бұрын болған.
Бұл жерде - киім туралы мәлімет, қазақтың ұлттық киім, бас киім, киім түрлері, киім фото және заманауи киім жайында баяндалады.
Киім туралы мәлімет
Киім сонау көне заманда пайда болған. Қазір киімнің неше түрлі үлгілері бар, бұлардың жалпы саны шексіз десек те болады. Киім үлгілері бірнеше топқа бөлінеді. Адамның жыныстық, жастық айырмашылығына, пайдалану мақсатына.
Әйелдер киімі, ерлер киімі, балалар киімі, спорттық киім, жұмыс киімі, ресми киім дегендей.
Әйелдер киімі
Әйелдер киімі бұл әсем-сәнді безендірілген киім. Мысалы көйлек:
Әйелдер сұлу болу үшін макияж жасайды, кірпіктерін жұлады. Бұлар сәнді болу үшін бар күшін жұмсауға әзір, дайын.
Ерлер киімі
Ерлер киімі бұл сәнді заттарға емес, қолайлығына қарап жасалады. Ерлер әйелдер сияқты сәнденбейді. Ерлердің киімдері ықшам және қарапайым болады. Мысалы шалбар, костюм дегендей.
Қазақтың ұлттық киімі
Әрбір елдің өзінің ұлттық киімі бар, мысалы қазақтын ұлттық киімі ат үстінде отыруға және көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы. Сол себептен атам қазақ сонау көне заманнан бастап шалбар киген. Өзге елдердегідей қазақтың жігіттері юбка не көйлек киген емес.
Қазақтың ұлттық киімі бұл шапан, шалбар, тоң, сәукеле және басқалары.
Шапан
Шапан бұл барша түркі елдеріне ортақ дүние, киіз үй сияқты. Шапанды суықтан сақтану үшін киген. Бұл жылы киім:
Шапанды сыйлы қонақтарға кигізу сонау көне заманнан дәстүрге айналған. Шапанның матасының арасына жүн салады, бұл жылыту үшін керек дүние, осының арқасында шапанды киген адам қыс пен күздің суығында тоңбайды.
Шапанды сәнді қазақи ою-өрнектермен безендіреді.
Сәукеле
Сәукеле бұл әйелдердің бас киімі:
Бұны тойларда, мерекелерде киеді. Мысалы қыз ұзатуда. Бұндай бас киім үлгілері сонау көне замандардан киіле бастаған. Және тек әйелдер ғана емес, сонымен қатар ерлер де киген. Бұл қадірлі киім.
Тақия
Тақия бұл қазақтың ұлттық бас киімі:
Бұны ерлер мен қатар әйелдер де киген. Бұл күнделікті бас киімі, мереке тойларда ғана емес, әрбір күнге лайықты киім.
Бас киім
Бас киім аты айтып тұрғандай бұл басқа киетін киім. Бұған жоғарыдағы сәукеле де, тақия да жатады. Сонымен қатар заманауи безболка, шляпа сияқтыларды да жатады. Бас киімнің мақсаты басты жылыту, суық желден, жаңбырдан сақтау.
Классикалық киім
Қазіргі жаһандану заманында бұндай киім бұл еуропаның киімі. Шалбар, костюм, шалбар, көйлек және басқалары. Бұлар Еуропаға сонау 4-5 ғасырларда ғұндардың атақты Еділ патшаның тұсында көшпенділермен бірге келген. Еуропалықтар ғұндардың киімі ат үстінде отыруға, күнделікті өмірде киюге ыңғайлы болғандықтан Еділ патшаның сарбаздарының киім үлгісін киюді жөн көрді. Бұған дейін еуропалықтар, көне римдіктер сияқты юбка, туника киген.
Костюм
Костюм дегеніміз бұл мынандай киім:
Бұл костюмның ресми стилінде жасалғаны. Суреттен көрініп тұрғандай бұны ерлерде, әйелдер де киеді. Кеңселерде, өкіметте, парламентте бұндай киім кию талап етіледі. Сондай орындарда қызметкерлер тек осындай киімді ғана кию керек. Костюм үтіктелуі керек.
Заманауи киім
Заманауи киім бұл күнделікті өмірде жастар арасында сұранысқа ие киім.
Футболка
Футболка дегеніміз міне:
Бұл спортпен айналысқанда немесе үйде жұмыс істегенде қолайлы киім. Қара жұмыспен де айналысқанда да қолайлы киім. Бұл ерлер мен әйелдерге бірдей қолайлы киім.
Миниюбка
Миниюбка бұл тізеден жоғары болатын юбканың бір түрі:
Бұл әйелдерге арналған заманауи киім және бұны әдетте тек жас әйелдер мен қыздар ғана киеді. Жасы үлкен әйелдерге бұны кию ұят болады. Негізінен бұндай киімді ірі қалаларда киеді.
Киім түрлері
Киім түрлері өте көп, бұларды айта берсен көп уақыт керек. Және бір бет емес ондаған, тіпті жүздеген де бет керек шығар. Әрбір ұлттын өз ұлттық киімі бар. Оған қоса сол киімдердің әртүрлі өңірлерде әртүрлі түрлер бар. Киім туралы мәлімет осындай!