Работа в Казахстане

Төрт түлік мал - қой, жылқы, сиыр және түйе

Ешки

Ешки

120000 тг

Төрт түлік мал бұл қазақтар арасында жиі қолданылған үй жануарлары, бұларға мыналар жатады - қой, жылқы, сиыр және түйе. Осы малдардың арқасында ата-бабамыз күн көрген, етін ас етіп терісін киім етіп. Сүт қаймағын да пайдалынған. Осылар жайлы мәлімет берейік.

Төрт түлік мал

Қой туралы

Қой бұл қазақтың басты малы десек те болады. Себебі қой санымен адамның байлығын есептеген. Жүз қойдан азы кедейге теңелген. Қойдың жүнің жіп етіп тоқуға пайдалынған. Жылы нәски, қолғап және тағы сол сияқтылары осы қойдын жүнінен тоқылған.

Қой

Қонақ келсе қой сойған, себебі бұны сою тез әрі оңай. Сиыр мен жылқымен салыстырғанда. Қой еті көп пайдалынған. Ал қойдың құйрығынан алынатын құйрық майы емдік қасиетке ие, бұны науқас адамның тез күш жинау үшін асқа пайдалынған. Оған қоса теріге жаққан.

Қазір де қазақ қой етін көп жейді.

Жылқы туралы

Жылқы да зор сұранысқа ие мал. Себебі бұнымен алыс сапарларға, жорықтарға барған. Елін-жерін қорғау үшін ерлер атқа қонып шайқасқан. Аттан, аттан деп! Күнделікті тұрмыста бұл негізгі көлік деп саналған, себебі атқа отырып тез-ақ жақын ауылдарға жете аласыз. Ал алыс ауылдарға бір не екі күн ішінде жетуге болатын. Жолда өзге қазақтарға қонақ боп қонып. Атам қазақ айтқандай: Ат ер қанаты!

Жылқы, ат

Жылқыны сүті қымыз ағзаға өте пайдалы зат. Бұны қазір тіпті шетелдіктер де пайдалынып жүр. Қымыз витаминдер мен пайдалы минералдарға өте бай сусын. Ат бұл сонымен қатар өте таза, қасиетті жануар. Лай суды ішпейтін жануар.

Жылқы еті бұл барша еттердің төресі, себебі бұл өте тез қорытылады және өте дәмді болады.

Түйе туралы

Түйе бұл да киелі мал. Негізінен түйені сауда керуен жолдарында және бір жерден өзге жерге көшкенде көлік ретінде пайдалынған. Себебі түйе қырық күнге дейін сусыз өмір сүре алады, шөлдегі тікенектерді де жей алады. Түйенің сүті шұбат емдік қаситеттері жағынан қымыздан кейінгі орында.

Түйе

Оған қоса түйенің жүнінен тоқылған киім жеңіл әрі өте жылы болады. Түйенің жүнінен тоқылған жамылғылар жылуды жақсы сақтайды. Түйенің етін және майын ас ретінде пайдалынған.

Сиыр туралы

Сиыр да өте пайдалы жануар, мал. Сиырдың сүтін қазір бәріміз ішеміз. Себебі сүт кальций, магний және басқа минералдарға өте бай. Сүттен айран, май, қатық, қаймақ, құрт жасалады.

Сиыр

Сиыр еті де пайдалы заттарға бай, дәмді. Иісі жоқ ет, қойдын еті аздап болса кей кездері иіске ие.

Қорыта айтсақ төрт түлік малды атам қазақ сонау көне заманнан өсіріп келеді. Бұның етін жеп, сүтін ішіп.