Қазақстанда бірнеше жұмыс іздеу сайты бар, бұлар hh.kz, enbek.kz және rabotanur.kz. Осы сайттарға тіркеліп өз резюменізді (қазақша түйіндеме) қалдыра аласыз. Жұмыс іздеу ісі түйіндеме жасаудан басталады, түйіндеме жұмысты табуды жеңілдетеді.
Түйіндеме үлгісі қазақша
Міне түйіндеме үлгісі қазақша, вордқа көшіріп алып өз атынызды және жеке мәліметтерінізді еңгізініз:
Заңгер
5 жылдық тәжирибем бар. Қазақстанның атақты компанияларында жұмыс істедім. 150 000 тенге жалақы алғым келеді.
Аты-жөні
Ахмет Мырқымбай-ұлы
Контактілер
Тел: 8 777 111 1111
Пошта: пошта@пошта.кз
Тұрған жерім: Алматы қаласы, Ахмет көшесі 15, 16 пәтер
Тәжірибе
Көмекші заңгер
2015 мамыр айы - 2017 жылдын ақпан айында "Ахмет Консалтинг" компаниясында көмекші заңгер боп жұмыс істедім. Негізгі жұмысым клиенттермен телефон арқылы сөйлесу.
Бас заңгер
2017 жылдын ақпан айынан 2020 жылдын қантар айына дейін "Ақтау финанс" компанияда бас заңгер боп жұмыс істедім. Бүткіл компанияның заңгрелерін басқардым, барлық контрактілерді құрастырдым. Компанияның стратегиясын қарастырдым.
Білімі және қабілеттері
- Ворд пен Эксельде жұмыс істей аламын;
- Интернетті пайдалана аламын;
- Басқару курстарын бітірдім.
Шет тілдер
- Ағылшынша емін еркін сөйлей аламын, ағылшын заң жүйесімен таныспын.
Оқу орны
Ақтау заң университетің 2017 жылы қызыл дипломмен бітірдім.
Туған жылы
16.12.1991 жылы дүниеге келдім (29 жастамын).
Түйіндеме жұмысқа қалай жазылу керек?
Резюмеге не қазақша түйіндемеге - туылған жылынызды, керекті жалақы мөлшерін, жұмыс істеген жерлерінізді, диплом, грамоталарды қосыныз. Тәжирибелеріңіз аз болса, жалақы мөлшерін асырып жазбаныз, бұл жұмыс берушілерге ұнамайды
Мысалы бір адамның еш тәжирибесі жоқ, яғни жұмыс беруші оны үйрету керек, бұған көп уақыт пен қаржы жұмсау керек болады. Сондықтан ол жалақы мөлшерін аздап жазса тез жұмыс табады. Бұл нарық емес пе, әрбір арзандау тауарды, қызметті алғысы келеді. Өзініз де солай ойлайтын шығарсыз!
Тәжирибеніз мол болса жалақы мөлшерін орташа деңгейде жазыңыз, ал егер керемет ұста, маман болсаныз көбірек сұраныз, бірақ көбірек уақыт тосу да керек болады.
Тағы бір керек дүние, бұл резюмеде жұмысқа қажетті қабылеттерінізді теріп жазыныз. Суретінізді де қоюға ұмытпаныз.