Работа в Казахстане

Электроника - ұялы телефон, камералар, компьютерлер, принтерлер, факстер

Самсун Телевизор

Самсун Телевизор

70000 тг

Электроника дегеніміз бұл тоқпен жұмыс істейтін техника. Мысалы ұялы телефон немесе камералар бұларға жатады. Бұлар тоқпен (электро сөзі тоқпен байланысы бар дегенді білдіреді) жұмыс істегендіктен электроника деп аталады. Бұндайлары өте көп, соларды жеке-жеке етіп баяндайық.

Ұялы телефон

Ұялы телефон бұл адамдар бір-бірімен байланыса алу үшін құрастырылған құрылғы. Сымсыз, қолға алып не қалтаға салып үйден алысқа кетіп қоңырау шалуға ұялы телефонмен болады.

Камералар

Камералар бұл суретті не видеоны түсіру үшін керек құрылғы. Қазіргі камералардың көбі әрі видеоны әрі суретті түсіре алады. Және арнайы мамандырылған камералар да бар, бұлар не тек суретке түсу үшін жаралғандары не керісінші тек видеоны түсіру үшін жасалғандары.

Және қазіргі заманғы ұялы телефондарда суретті де, виедоны да түсіру үшін жасалған камералар бар.

Компьютерлер

Компьютерлер бұл адам жұмыс істеу үшін жасалған құрылғылар. Мысалы сіз оқуға қажетті рефератты осы компьютердің көмегімен тересіз. Немесе бухгалтерлер компьютерге орнатылған арнайы бағдарламалардың көмегімен жалақыны есептейді, кейін жұмыс істелген күндерге сай адам жалақысын алады. Дизайнерлер небір сәнді кескіндерді компьютерге орнатылған арнайы бағдарламалардың көмегімен жасайды.

Жалпы қазір компьютерлерді адамдар жиі пайдаланады. Ұялы телефондар мен планшеттер пайда болса да. Себебі компьютерге бұларға жүктей алмайтын бағдарламалар бар.

Принтерлер

Принтер бұл электронды кескінді қағазға не басқа бетке шығару үшін керек құрал. Мысалы біреу отбасымен суретке түседі де кейін оны түсті принтердің көмегімен арнайы қағазға басады. Бұл суретті албомға салуға не біреуге беруге болады.

Принтерлердің көмегімен адамдар өз жазған рефераттарын қағаз бетіне басады да мұғалімге тапсырады. Принтерлер офистерде көп қолданылады, себебі түрлі құжаттарды басып шығаруға керек болады.

Факстер

Факстер бұл қазіргі адамдардың көбі көрмеген офистік техника. Бұл қағазды суретке түсіреді де бұның электронды нұсқасын өзге факсқа жібереді. Өзге факс бұны қабылдайды да басып шығарады. Мысалы біреу құжаттардың көшірмелерің факс арқылы жібере алады.