Үй жануарлары бұл адам баласы сонау көне заманнан бері асырап келген хайуандар. Мысалы ит, мысық, тауық, үйрек, қоян және басқалары:
Төрт түлік мал да бұған жатады. Бұлар - қой, сиыр, жылқы және түйе.
Ит
Үй жануарлары арасында ең ертеде асырап алынғаны бұл ит. Ит қасқырдан тарайтын жануар. Иттердің көп түрлері бар. Алып, жетпіс сексен келіге дейін жететін алабай мен тазыдан бастап кішкентай, бар жоғы бір келідей чихуа-чихуа сияқтысына дейін.
Иттің негізгі мақсаты бұл үйді жаудан қорғау. Қазір бұны ермек үшін де асырайды.
Мысық
Мысық та сонау көне заманнан бері адаммен бірге өмір сүреді. Жабайы мысықтар мен үй мысықтары арасында едәуір айырмашылық бар. Жабайы мысықтар алып та болады, мысалы арыстан мен жолбарыс. Ал үйдегі мысық кішкентай болады, иттен де кіші. Мысықтын негізгі қызметі үйдегі тышқан мен егеуқұйрықтарды ұстау. Бұл сонау көне заманда болған еді. Ал қазір мысықты ермек үшін үйде ұстайды.
Балалар ойнасын деп.
Тауық
Тауық бұл жұмыртқа беретін құс. Тоңазытқыштағы жұмыртқа бұл тауықтын жұмыртқасы. Басқа құстардың жұмыртқалары да бар. Бірақ бұлар сирек қолданылады.
Сататын тауығыныз не басқа малыныз бар болса осы хабарландыру тақтасына қосыныз. Хабарландыру қосу тегін әрі оңай!
Қоян
Қоян көне заманнан бері үйретілген жануар. Бұны көне заманда ет үшін ұстаған. Ал қазір бұны балалармен ойнасын деп алады. Кейбір фермаларда қазір де бұны ет алу үшін ұстайды. Ал үйде торға қамалып ұсталынады.
Балық
Балықтар аквариумде ұсталуы мүмкін. Бұлар да үй жануарларына да жатады. Адамдар бұларды ермек үшін ұстайды, қызық болсын деп те. Асқа да балықты пайдалынады. Балық дәмімен және құрамындағы пайдалы заттармен етті алмастыра алады.