Акционерлік қоғам дегеніміз не? Бұл компанияның бір түрі. Компания өзінің жарғысын жасайды, бұнда компанияның мақсаты және жұмыс істеу жолдары белгіленеді. Оған қоса компанияның барлық мүлігі, акция негізінде бөлінеді. Акционерлік қоғам акция шығарады, акция дегеніміз компанияның үлесін белгілейтің құнды қағаз, барлық акциялар осы компанияның 100% құнына тең. Кім барлық акцияларға ие болса, сол компанияны толығымен иеленеді. Бірақ былай сирек болады, әдетте сан түрлі иеленушілер компанияның акцияларын сатып алады.
Себебі акционерлік қоғам бұл әдетте тек ірі компанияларда болады (шағын компаниялар ЖК немесе ЖШС боп ашылады), ал үлкен компанияны толығымен иемдену үшін көп ақша қажет. Осыншама қаржы көп адамда жоқ. Мысалы Apple компаниясының бір акциясы қазір 313 долларға тең (24.02.2020) ал барлық акциялардың жалпы құны 1,37 триллион доллар. Бұл дегеніміз 1370 миллиард доллар!
Акционерлік қоғам түрлері
Акционерлік қоғам екі түрлі болады - жабық және ашық. Ашық акционерлік қоғамның акцияларын әркім биржадан сатып ала алады. Ал жабық акционерлік қоғамның акцияларын тек белгілі бір тұлғалар ғана сатып алуға құқылылы.