Өз бизнесін ашқысы келген адамдар Жеке Кәсіпкерлікті немесе Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестікті ашады. Біріншісі екіншісіне қарағанда аз қаржыны және уақытты қажет етеді. Сонымен, қалай Жеке Кәсіпкер болуға болады? Қалай ЖК ашуға болады деген сұраққа жауап берейік.
Алдымен жергілікті Салық Органдарына барасыз да Жеке Кәсіпкерлікті тіркегім келеді дейсіз. Олар сізге бланк береді, бұл бланкке немен айналысасыз, компанияның атын, өзініздің жеке құжатынызды көрсетесіз. Және бұдан кейін Жеке Кәсіпкер боп сізді тіркейді. Бар болғаны осы! Онлайн да Жеке Кәсіпкерлігінізді аша аласыз.
Жеке кәсіпкерлікті ашу үшін қандай шарттар ескірген?
Баяғыда Жеке Кәсіперлікті тіркеу үшін ақы төлеуге керек еді. Үш-төрт мындай ма, есімде жоқ. Қазір бұл қажет емес. Және бұнымен қоса жалға алған бөлменің жалға алу жайында құжат та керек емес. Мемлекет кәсіпкер болғысы келетіндердің жолын жеңілдетті. Елде мейлінше кәсіпкерлік дамысын, елімізде байлар көбейсін деген ниетпен.
Жеке Кәсіпкер деген кім?
Жеке Кәсіпкер бұл бизнесті жүргізу үшін керекті құжат, сіз бұны салық комитетінен алып кәсібінізді ресми жолмен жүргізе аласыз. Салық төлейсіз, өзге компаниялармен жұмыс істей аласыз, мысалы өзгелерге қызмет көрсететің көптеген - заңгерлер, есепшілер, кеңесшілер, компьютерді жөндейтіндері, репетиторлар және басқалары осының арқасында жұмыс істейді.
Адам кәсібін тіркемей-ақ халыққа қызмет көрсетіп жұмыс істей алады, бірақ өзге компаниялармен жұмыс істеу үшін кәсібін заңдастыру керек. Себебі өзге компаниялармен келісім шартқа отыру үшін, банк арқылы өзге компаниядан ақшаны алу және тағы сол сияқтыларға заң жүзінде тіркелген кәсіп керек.
Кәсіпкер деген кім?
Кәсіпкер деген кім? Бұл өз бизнесін жүргізетін адам, бастығы да өзі, меншік иесі де өзі, жалақыны да өзі өзіне тағайындайды. Кәсіпкер болу әркімнің қолынан келе беретің іс емес. Себебі бұнда елмен сөйлесу керек, тілдесу керек, шығыны мен пайдасын есептеу керек, тауарлар мен қызметтерді сату керек. Қысқаша айтсақ көп өнер керек.
Интернетте бұны оңай деп айтады, жазады. Бірақ бұл оңай емес, көптеген компаниялар бір жыл жұмыс істемей-ақ жабылады. Кеңсені жалдау, жұмысшыларды жалдау және өзге шығындарды өтеу үшін көп қаржы керек, бұны сатылымнан алуға болады, бірақ пайда әрдайым шығындардан артық бола бермейді. Соңдықтан алдымен ойланып алындар, кәсіпкер болудан бұрын көп ойланындар.
Бірақ кәсібініз пайдалы бола қалса, көп пайда табсаңыз кәсібінізді ашуға кеткен қаржыны бірнеше рет қайтара аласыз. Мүмкін бай да бола аласыз!
Кәсібімді дамыту үшін не керек?
Кәсібінізді дамыту үшін жарнама қажет. Адамдар интернетте немесе далада бар жарнаманы көреді, жарнамаланған тауарды көп рет сатып алады. Әлемдік брендтердің барлығы тауарларын көп жарнамалайды, себебі жарнамасыз тауарды сату қиын. Бұл үшін осы сайтты да пайдалына аласыз.
Жарнамамен қатар тауарларыныз бен қызметтеріңіз сапалы болуы керек. Ешкім шикі шелпекті немесе дәмсіз асты жегісі келмейді, сапасыз затты сатып алғысы келмейді. Сондықтан сапалы дүние шығарыныз.
Бұдан басқа баға мәселесіне де назар аударыңыз. Баға неғұрлым төмен болса, соғұрлым адам көп болады. Себебі арзан дүниелер бәрін қызықтырады. Тауарларыңыздың бағасы өзгелерден төмен, ал сапасы жоғары болса, бәрі сіздің тауарыңызды алады.