Құрылыс саласымен байланысты - үй салу, үй жөндеу сияқты қызметтерді осы жерде ұсына аласыз. Хабарландыру беру тегін. Оған қоса құрылысқа қажетті заттарды, құрал-саймандарды да осы жерге ұсына аласыз.
Үй салу
Үй салу бұл көп қаржы мен күш қажет ететің іс-шара. Үйді салу бірнеше айға созылуы мүмкін. Үй үш негізгі бөліктен құралған - үйдің іргетасы немесе фундаменты, үй қабырғалары және үй шатыры:
Үйдің фундаменті
Үйдің фундаменті бетоннан құйылады, бұның мақсаты үйді жерден биікте ұстау, жердің ызы үйге өтпесін деген мақсатпен жасалады:
Бетоннан басқа жерге ағаштан немесе тот баспайтын болаттан жасалған ұзын қадаларды қағады. Бетонның биіктігі үйдің қандай материалдан жасалатына және неше қабатты болатындығына байланысты. Және жердің қаттылығына да байланысты. Лай-батпақ жерде биік ал тасты жерде аласа бола алады. Оған қоса бетонның ұзындығынан гөрі қалындығы маңызды.
Қазақстанда бір қабатты үйлерді салғанда іргетастың қалындығы 30-40 сантиметр ал биіктігі 40 сантиметрден жоғары болады. Іргетасты құйғанда алдымен жерді қазып, жерге ағаштан, фанерден не металдан жасалған қалыпты орналастырады. Одан кейін бұл қалыпқа бетон құйылады:
Бетон бұл цемент, су және қиыршық тастың араласуынан пайда болатың сұйық, тез қататың зат. Бір қалақ цементке үш не төрт қалақ қиыршық тас қосылады. Бұны қолмен араластыруға немесе арнайы бетон зауыттан дайын бетонды алдыруға болады, бұл бір сағатта бүткіл үйдің фундаментің құйғызуға мүмкіндік береді:
Үйдің қабырғалары
Үйдің қабырғаларың қызыл күйдірілген кірпішпен, пеноблокпен, бетонмен, ағашпен, пенопласпен немесе қамыспен жасауға болады. Ең арзаны соңғысы. Бұның артықшылығы үйдің қабырғаларын қамыс блоктарын жасаушы компания өзі орнатады:
Ал кірпішті қалау керек, бұған жұмысшыларды жалдау керек. Оған қоса кірпіштің бағасы арзан емес.
Үй шатыры
Үй шатыры ағаштан жасалады. Бұны білетін мамандарды жалдап жасау керек. Үйініз кішкентай болса өздеріңіз де жасай саласыз, бірақ үлкен үйді салғанда бұған білетің адамды жалдаңыз. Немесе ұқсас үйлерді қарап жасаңыз.
Бұны істеп бітсеңіз үйді әрлеу, сырлау сияқты ұсақ-түйек жұмыстар қалады.
Үй жөндеу
Үй жөндеу бұл қиын іс емес, ұй салудан гөрі жеңілірек. Ауылдағы көне үйлерді ізбен ақтай салу жеткілікті. Ал қазір евроремонт жасалған үйлерді жөндеу қиын болады. Бұған мамандарды жалдау керек.